Аягөздегі 4 баланың өліміне қатысты тергеу басталды

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

Бас прокуратура Аягөз қаласындағы төрт баланың өмірін жалмаған өртке қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

 

Бұл ақпаратты Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев растады.

«Тергеу амалдары басталды. Өрттің не себепті болғаны бәрі анықталады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір сізге өрттің неден болғанын айта алмаймын», – деп жауап берді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін.

Еске сала кетейік, 25 қазан күні  таңертең Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінен өрт шығып, 4 баланың мәйіті табылған болатын. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін 20 шаршы метр көлемінде бөлмелердің бірі өртенгенін анықтаған.