Президент жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды

Сапар аясында Тоқаев өңірдегі бірқатар мәдени, туристік және өндірістік нысанды аралап көрмек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сапар аясында Президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады.