Балалардың банк карталарын пайдалану ережесі қатаңдады

Ұлттық банк кәмелетке толмағандар шетелде және Қазақстан аумағында пайдалана алатын шекті соманы бекітті.

Ұлттық банк Қазақстанда балаларға банк картасын пайдалануға шектеу енгізуді ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанда бұл сома – 100 мың теңге, шетелде – 500 мың теңгені құрайды. Балалар банкоматтардан күніне небәрі 10 мың теңге шешіп ала алатыны нақтыланды.

Бұл ретте кәмелетке толмағандардың картасын олардың заңды өкілдері ғана толтыра алады. Сондай-ақ картаға қосылатын операцияларды да асыраушылары анықтап отырады.

Бұған дейін Сенат депутаттары Ұлттық қор қаражатын балалардың шотына аудару туралы заң жобасының кейбір нормаларын мақұлдамай, Мәжілістің қарауына қайтарған еді.