Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің қабылдаған шараларына қарамастан, сібір жарасын жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқан 75 жастағы науқас қайтыс болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Пациенттің өліміне сібір жарасы ауруының ауыр сатысы және қатар жүретін ауыр дерттердің болуы себеп болды. Сонымен қатар, науқастың медициналық көмекке кеш жүгінуі де өз әсерін тигізді», – деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
Сібір жарасын жұқтырған қалған екі пациенттің жағдайы тұрақты, дәрігерлердің үнемі бақылауында.
Бұған дейін Қарағанды облысындағы Топар кентінде 3 адам сібір жарасын жұқтырғаны жөнінде хабарлаған едік.