Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 5,80 теңгеге төмендеп, 1 доллар 470,30 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 27 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 476,28 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 471,5 теңге, сатып алу – 475,5 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 469 теңгеден болса, сатып алу – 474 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,85-5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,90-5,05 теңгеден сатылуда.