Суретшілер экспедициясы ұйымдастырылды

Еліміздің бас қаласында Маңғыстау суретшілерінің біліктілігін арттыру мақсатында экспедиция ұйымдастырылды.

Суретші Аймұрат Таңатовтың ай­туын­ша, мемлекеттік гранттың қол­дауы­мен 2023 жылдың мамыр-шілде ара­­лығында «Ақтау қалалық Сурет­ші­лер одағы» қоғамдық бірлестігі мен Маң­ғыстау облысының мәдениет, мұ­рағаттар және құжаттама басқармасы бір­лесе «Отпантау-Ұлытау» атты экс­­педиция ұйымдастырды.

Аты аталған экспедиция аясында қыл­қалам  шеберлерінің шығармаларын кең ауқымда танымал ету мақсатында арнайы іріктеу жүргізілді. Сонымен қа­тар Астанада «Күзгі вернисаж» атты әр өңірден келген суретшілер жұмыс­та­рының көрмесі ұйымдастырылды, онда «Отпантау-Ұлытау» суретшілер экс­­­­педициясының жұмысы қорытын­дыланды.

Аймұрат Таңатов биыл шілдеде маң­ғыс­таулық суретшілер Атырау, Батыс Қа­зақстан, Қызылорда және Түркістан об­лыстарына сапарлап, киелі орын­дар­ды аралап,  шеберлік сыныптарын өт­кіз­­генін атап өтті. 

– Экспедиция Қорқыт ата – Қожа Ах­мет Ясауи кешені – Отпантау – Са­рай­шық – Бөкей орда бағыттарын қам­­­тыды. Экспедиция барысында өңір су­рет­шілері осы тарихи орындарда пленэр ұйымдастырды, – деді суретші Ай­мұрат Таңатов.

Сағындық РЗАХМЕТОВ,

Маңғыстау облысы