Кітапхана – қоғамның ұстазы

Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы тілден кейінгі ең кемел құралы – кітап. Кітап – қоғам мү­шелерінің қарым-қатынасын рет­теуде ғана емес, бүгінгі заман мен та­рихты және болашақты жалғас­ты­рып тұрған рухани арқау.

Осындай біре­гей құралды адамзаттың қо­лы­на беріп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғап отырған кітапхана – елдіктің тірегі, ғы­лымның күретамыры десек артық емес. Жазушы Әбіш аға Кекілбаев: «Адамды адам еткен – кітап, адам­зат еткен – кітапхана», – депті. Ал былтыр Үкімет­тің қаулысымен 24 қазан Кітапханашылар күні болып бекітілген еді.

Казір кітапхананың сипаты да, қыз­ме­ті де бұрынғыдан әлдеқайда ауқымды, байырғы түсінікке сыймайтын өлшемдер пай­да болған. Кітапхана бір-біріне бай­ла­нысты, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтын үш құрамдас бөліктен тұрады. Біріншісі – кі­тап сақтайтын және кітап оқитын орын, екін­шісі – кітапханашы, үшіншісі – кітап қо­ры. Осы үшеуінің бірлігі – кітапхана. Алай­да осы құры­лымдардың ішкі бай­ла­ны­сы, мазмұны мүлде өзгерген. Сондық­тан бүгінгі кітапхана орта ғасырды қойып, 20 жылдың алдындағы кітапханаларға ұқса­майды. Болашақта бұдан да жаңарған кітап­ханалар пайда болатыны сөзсіз.

Түркістан қаласында өткен Ұлттық құ­рылтайда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мартин Лютер Кинг сияқ­ты менің де көкейімде жүрген бір ар­ман бар, бұл – тәулік бойы жұмыс істей­тін Президент кітапханасын ашу. Мен мұн­дай кітапхананы Анкарада көрдім. Оның оқырмандары әлемнің әр түкпірінде басылып шыққан көркем шығармаларды, арнаулы әдебиетті оқи алады. Мұндай кітап­хананы елімізде де салуға болады деп ой­лаймын», – деді. Бұл – заман талабын ес­­керуден туған көреген ой. Қазіргі қо­ғам­­да қоғамның дамуының рухани негізі – кі­тапхана. Кітапханасыз ұлт болашағын елес­тету мүмкін емес. Ұлттық мәдениет пен ғылымның дамуы, қоғамының ізі­ленуі кітапхана жұмысымен тікелей бай­ланысты. Кітапхана жоқ жерде ғылым да, мә­дениет те болмақ емес. «Кітапханалар бол­­маса не болар еді?» деген сұраққа Рэй Брэдбери: «Өткеніміз де, келешегіміз де бол­мас еді», – деп жауап берген екен. 

Ата Заңымызда: «Мемлекеттің басты бай­лығы – адам» деп көрсетілген. Қоғам­ның қазіргі бет-бейнесі ғана емес, бола­ша­ғы да азаматтардың білім сапасына бай­ланысты. Барлық заттық және рухани бай­лық адам қолымен жасалады, адам үшін қызмет етеді. Демек, қоғам дамуы­ның қозғаушы күші болған адам әре­ке­тінің түпкі мақсаты – өзіне (адамзатқа) қыз­мет ету. Ендеше басты мәселе – адам са­пасын жоғарылату. Ал оның көрсеткі-ші – әлеуметтік білім деңгейі. Бұл тұрғы­дан келсек, кітапхана қызметі – оқырман­дар­ды шынайы, сенімді ақпаратпен қам­тамасыз ету. Қандай мемлекет болса да азаматтарының білімді болуына мұқ­таж. Бұл – әлем жаратылғалы бар қажет­ті­лік, бұдан кейін де осылай бола бермек. Адам­ның жетілуі үшін уақыт пен жайлы орын қажет. Өзін-өзі тәрбиелеуге уақыт табатын адамдар көп, алайда, олар жайлы орын­ға, сенімді білім көзіне, шынайы ақ­паратқа қол жеткізе алмайды. Бұл қа­жеттіліктер кітапхана арқылы ғана ше­шімін таппақ. Аугустин Биррелдің: «Бү­гін­гі күннің нағыз университеттері – бай кітап­ханалары» деген сөзі бар. Шынында, кітап­хана – адамдарды өмір бойы тәрбие­лейтін бірегей университет. Адамның мектепте немесе университетте білім алу бел­гілі бір уақыт шеңберінде ғана іске аса­ды. Мектеп болсын, университет бол­сын – белгілі уақыт шеңберінде ғана білім беретін, уақыт жағынан мүмкіндігі шек­теулі орындар. Кітапхана уақыт шек­темесіне ұшырамай, өмір бойы қызмет көрсетеді. 

Кітапхана жұмысының ерекшелігі көп, өзіне тән қызығы да, қиындығы бар. Бі­ріншіден, кітапхана қызметі ізгілік қағи­даларына негізделген. Қай елге, қай жерге барсаңыз, ақылы кітапхана жоқ. Ол – әлемдегі ақысыз қызмет көрсететін бір­ден-бір мекеме. Екіншіден, әлеуметтік игі­лік­терге адамдардың бәрінің қолы жете бер­мейді. Айталық, жақсы медициналық кө­мек пен сапалы білім алудың өзі қар­жылық жағдайыңызға байланысты. Кі­тап­хана қызметі қоғамның барлық мүше­сіне ортақ. Ол адамдарға алаламай, байға да, кедейге де, кәріге де, жасқа да, он екі мү­шесі сау адамға да, көмекке мұқтаж жан­дарға да бірдей қызмет көрсетіледі. Үшін­шіден, кітапхана жұмысы – көзге көрін­бейтін, бірақ өте ауыр жұмыс. Кітап­хана­шы­лар үнемі кітаппен жұмыс істейді, оның ішінде кітап тасу (көтеру) сияқты ауыр дене еңбегі де бар. Бұдан тыс үнемі ескі кітаптың шаңын жұтып жүріп жұмыс істеуге, электр нұрының астында ұзақ оты­руға мәжбүр. Басқа салада мұндай зиян­ды ортада жұмыс жасайтындар үшін денсаулығын күтуге арналған әлеуметтік па­кеттер бар. Төртіншіден, қазір кітап көп, оқырманға керекті кітаптарды талдап, ұсыну – кітапхананың басты міндеттерінің бірі. Сондықтан кітапхана мамандары ақ­паратты талдай алатын қабілетке ие, бі­лікті де білімді болуға тиіс. Бұл үздіксіз тәр­бие­лену­ді қажет етеді. Өкінішке қа­рай, кітап­ханашыларда бұл мүмкіндік жоқ. 

Қазір қоғамның да, оқырманның да та­­лабы өзгерген. Сондықтан кітапхана да өз қызметін өзгерту процесін бастан ке­шуде. Кітапхана – әрі білім беру орны, әрі мәдениет орталығы, ақпарат тарату және ана­лиз жасау орталығы, сондай-ақ дема­лыс орны болу сияқты сан-салалы қыз­мет­терді атқаруда. Дамыған елдерде осы­лай. Қазір адам тәрбиелеудің әдістері жа­­­ңарған, соған сай кітапханалар алдында өз оқырманын жан-жақты кешенді шара­лар арқылы тәрбиелеу міндеті тұр. Кітап­ха­наға адамдар кітап оқуға ғана бар­май­ты­ны белгілі. Өйткені әркімнің үйінде өзі­не жетерлік кітап қоры бар. Ғалымдар бол­маса, қарапайым бұқара үйіндегі кітап­тарын оқудан аса алмайды. Ал ға­лым­дар үшін ғана қызмет ететін болса, кі­тап­хана мәнінен айырылады. Кітапха­на­ға біреу кітап оқуға барса, біреу жаңа ақ­параттар алуға барады, біреулер қоғам­дық қарым-қатынас орнату үшін, біреулер демалуға барады, т.б. 

Кітапханаға қатысты біраз мәселе әлі де бар. Кітапхана қызметінің маңызын қо­ғам мүшелері де, үкімет те жақсы біледі. Бір­ақ кітапханаға жеткілікті көңіл бөлін­бей­ді. Өйткені адамдар бәрін өзінің пай­да­сымен өлшеуге әбден дағдыланған, қыз­метке өз мүддесі тұрғысынан қарау – жоғарыдан төменге дейін етек алған үрдіс. Мы­на қолмен беріп, ана қолмен алатын жер­ге болмаса, экономикалық қайтарымы жоқ іске қаржы бөлуге ешкім құлықты емес. Ал кітапхана қызметі – көзге кө­рін­бей­тін жұмыс, экономикалық қайтарымы да жоқ. Қысқасы, кітапханаға жұмсаған қаржы жеке бастың абыройы үшін өнімді жарнама дей алмаймыз. Адамдар жарнама үшін жұмыс істейді, басшылар да, байлар да солай. Жұмысқа жауапты басшы жұмыс істеу үшін емес, өзінен жоғары орында отыр­ған басшысына есеп беру үшін құжат дайындауы керек. Сондықтан көзге кө­рі­нетін іске қолдау жасау олар үшін пайдалы. Ал шындап келгенде, кітапхана – қоғам­ның қазіргі қажеттілігін өтеумен қатар, бо­­­лашаққа да қызмет ететін орын. Кітап­ха­наға жұмсалған қаржы – болашаққа са­лынған инвестиция. Біздің қоғам осы­ны әлі түсінбей келеді. 

Иманғазы НҰРАХМЕТҰЛЫ,

ф.ғ.к., Қазақстан Жазушылар 

одағының мүшесі