Шахтадағы апат: Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады

Жергілікті жерде тергеу жұмысын Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев үйлестіруде.

Қарағанды облысында  Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды,–деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өткен түнде Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі).

Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары енгізілді", – деп жазды бақылаушы органнан.

Жергілікті жерде тергеу жұмысын Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев үйлестіруде.