Ерлан Саиров "АрселорМиттал Теміртау" инвесторларын қылмыстық жауапқа тартуға шақырды

Халқымыздың өмірі мен ұлттық мүдде бірінші орында!

"AMANAT" партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров "АрселорМиттал Теміртау" инвесторларын қылмыстық жауапкершілікке тартуға шақырды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Арселор Митталмен инвестициялық келісімшартты бұзуды тапсырды!

Дұрыс!

Халқымыздың өмірі мен ұлттық мүдде бірінші орында!

Сондай-ақ "инвесторлардың" өздерін де Қазақстан заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тарту керек!", –  деді депутат.