Еліміздің басым бөлігінде күн суытады

Еліміздің басым бөлігінде күн суытады

Синоптиктер 5-7 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК .

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады.
"Қазақстан арқылы өтетін арктикалық суық фронттар қар мен боран тудырады да, республиканың солтүстік бөлігінде күшті солтүстік-батыс желі соғады. Оңтүстік және шығыс облыстарда циклон Орталық Азия аудандарынан ығысады, оңтүстіктен жылы және ылғалды ауа мен солтүстіктен суық ауаның кездесуі кезінде жауын-шашын, жаңбырдың қарға ауысуымен, кей жерлерде қатты қар, көктайғақ, екпінді күшті жел, шығыста бұрқасын болжанады", - делуінген хабарламада. Батыс өңірлерде ғана ауа температурасы жоғарылауы мүмкін.