"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаменті шахталарының жұмысы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаменті шахталарының жұмысы тоқтатылды", – делінген хабарламада.
Компания осы уақыт ішінде газды қорғау бойынша тексерулер жүргізілетінін мәлімдеді.
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02.33-те жарылыс болып, бастапқыда төрт адам қаза тапты. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында алдын ала болжам бойынша, метан жарылғанын мәлімдеді.
ҚР ТЖМ Костенко шахтасынан 32 адамның денесі табылғаны мәлім болды.