Сәкен Сейфуллиннің видеосы табылды

Кадрлар 1935 жылы Қазақ автономиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай түсірілген.

Сәкен Сейфуллиннің видеосы табылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет қайраткері бейнеленген кадрлар 1935 жылы Қазақ автономиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай түсірілген. 

Таспаны тапқан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Ермұхамет Маралбек  Qazaqstan ұлттық телеарнасына тікелей байланысқа шығып, тың мәліметтерімен бөліскен.