Қостанайда 8 жасар оқушы қыздан бүкіл мектеп зәбір көріп отыр. Қаладағы №3 мектеп-гимназияның екінші сынып оқушылары ата-аналарының өтініштеріне мемлекеттік органдар да жауап бермеген, – деп хабарлады Aikyn.kz Qostanay.TV-ге сілтеме жасап.
Жақында оқушы қыз сыныптасының басын жарған. Бұған дейін де полиция, жедел жәрдем араласып, мектеп қабырғасында және одан тыс жерлерде іс-шаралар өткізген, мектеп оқушысының мінез-құлқы бірнеше рет педагогикалық кеңестерде де талқыланған. Дегенмен нәтиже жоқ. Мәселен ол мектепке пышақ әкеліп, сыныптасын жарақаттаған. Одан бөлек, бірнеше рет сыныптастарының үсті-басын шимайлап, тіпті шалбарын шешіп, видеоға түсірмек болған.
Оқушы қыз атасы мен әжесінің тәрбиесінде екен.
"Олесяның өзі үшін біз де алаңдаймыз. Ол өзі де екінші қабаттың терезесінен секірмек болған, мектептен қашып кетеді. Мен оның үй-күйі жоқ адамдармен бірге отырғанын көрдім. Сынып жетекшісіне қоңырау шалдық, ол баланы алып кетті. Мектеп психологі қызбен жұмыс істеді, бірақ ешқандай өзгеріс болған жоқ", – дейді ата-аналардың бірі.