Ауа райы болжамы: еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

«Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 1-і күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Еліміздің басым бөлігінде Атлантикалық циклонның және оған байланысты өтетін атмосфералық ағындардың ықпалымен ауа райы құбылып тұр.

Кей жерлерде жауын жауса, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ көктайғақ болады. Тек елдің батысында, оңтүстігінде антициклон жотасы салдарынан күн жауын-шашынсыз, ашық болмақ.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, жаяу бұрқасын болуы да ықтимал.

фото:egemen.kz