Тұтынушылар қолма-қол төлемді қай салада жиі пайдаланады?

Бизнесте тауар мен қызмет үшін төлем қабылдаудың тиімді тәсілі өте маңызды.

Төлемнің түрлі тәсілі көбейгенімен, қолма-қол төлем жасайтындар да жиі кездеседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Респонденттердің 60%-ы төлемді шот қою  арқылы, ал 55,6%-ы қолма-қол ақшамен қабылдаймыз деп жауап берді. Жаңадан енген QR кодтар  45,2% нәтижемен үшінші орынды иеленді. Сауалнамаға қатысқан компаниялардың клиенттері 36,5% жағдайда банк картасымен төлем жасайды, ал бизнестің 30,2%-ы картаға аударымдарды қабылдайды.

Freedom Finance Global-дың зерттеуінше, салалар тұрғысынан қолма-қол ақша ауыл шаруашылығында (70,3%) және саудада (66,6%) көбірек пайдаланылады. Мұнымен қоса осы сауда саласында клиенттер QR кодтарды (64,6%), банк карталарын (49,1%) және карточкалық аударымдарды (39,4%) пайдалана отырып төлемді жиі пайдаланады. Өнеркәсіпте картаға аударымдар бірдей деңгейде сұранысқа ие: сауалнамаға қатысқан компаниялардың 39,2%-ы төлемнің осы түрін қабылдайтынын мәлімдеді. Жалпы, сауда саласы төлемдерді қабылдау жағынан ең икемдісі болып шықты. Сондай-ақ, шот қою ауыл шаруашылығынан басқа барлық салаларда аса сұранысқа ие: орта есеппен осы төрт саладағы компаниялардың шамамен үштен екісі есеп айырысудың осы түрін пайдаланады.

 

Келесі үрдіс атап өтіледі: компания неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым қолма-қол  ақшаны азырақ пайдаланады. Айналымы жылына 1,036 млрд теңгеден асатын кәсіпорындардың 7%-ы ғана қолма-қол ақшаны пайдаланса, шағын кәсіпорындар арасында бұл көрсеткіш 64%-ға жетеді. Сондай-ақ ірі компаниялардың арасында карталарға аударымдар (20,4%), банктік карталармен (14,9%) және QR-код бойынша төлемдер (6,4%) сұранысқа ие емес. Ірі компаниялардың басым көпшілігі (74,8%) клиенттеріне шот шығарады. «Қолма-қол ақша» Жетісу облысының бизнесінде барынша сұранысқа ие болса (90,2%), ал Атырау облысының кәсіпорындары арасында сұранысқа анағұрлым азырақ ие болып отыр (24,6%). QR кодтарымен төлем жасауды Ұлытау облысында көбірек жақсы көреді, оларды шағын және орта бизнес өкілдерінің 85,2%-ы пайдаланады. Ал ең азы тағы да – Атырау облысында (20,6%).

Фото: taunews.kz