Бұл туралы nur.kz сайты жариялады. Бүгінде әншінің үш ұлы бар.
"Ризықты Құдай өлшеп береді. Коронавирустың кезінде де қиналған сәт болды, бірақ аш қалмадық. Ешкімге алақан жайып, "қарызға ақша бере тұршы" дегенім жоқ. Жасыратыны жоқ, коронавирус кезінде таксист болдым. Үш балам, анам мен әйелім бар. Бәріміз бос қалдық. Түрлі чатта "қарызға ақша бере тұршы" дейтіндер көп. Олай жата берген болмас. Сол аралықта көлік жүргізіп, адал қызмет жасадым. Бала-шағаны асырадым. Ол кезде өзің үшін емес, солар үшін жұмыс істейсің. Таныған адамдар да болды. Маска, көзілдірік, бас киім киіп аламын. Сол кезде айына 1 млн теңгеден аса тауып жүрдім. Тәулігіне 20 сағат жұмыс істедім", - деді Райым Уайыс.
Фото: nur.kz