Қазақстандықтарға банктен несие алудан ерікті түрде бас тарту құқығы беріледі

Азаматтар өздерінің дербес деректерін пайдалану арқылы жасалған барлық операция туралы жеке кабинеттегі хабарламалар немесе смс арқылы біле алады.

Бұл үшінші тұлғаның банктік қарыздар мен микрокредиттер рәсімдеуінің алдын алады. Тыйым салуды «электрондық үкіметтегі» жеке кабинетте жасауға болады. Ерікті бас тарту туралы ақпарат қарыздарды мақұлдау кезінде ескеріледі, – деп хабарлады  Aikyn.kz.
Азаматтар өздерінің дербес деректерін пайдалану арқылы жасалған барлық операция туралы жеке кабинеттегі хабарламалар немесе смс арқылы біле алады.

Сондай-ақ дербес деректер базаларының меншік иелері мен операторларына бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы хабарлау міндеті енгізіледі.

Мәжіліс бүгін осы мәселеге қатысты ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша түзетулерді қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді. Депутаттардың бастамашылығымен әзірленген заң жобасы 27 қыркүйекте бірінші оқылымда мақұлданған болатын.

Фото: kn.kz