Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті, – деп хабарлады Aikyn.kz.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 0,45 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа бағамы 470,09 теңге болды.
Ұлттық банктің 1 қарашаға белгілеген ресми бағамы: 1 долларға – 469,67 теңге, Ресей рубліне – 5,11теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 470,01 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 472,9 теңге.
Ал Астана қаласында 468 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 473 теңге.
Ресей рублі 4,95 – 5, 03 теңге аралығында құбылып тұр.
Айта кетейік, қор нарығында АҚШ ақшасы екі күн қатарынан арзандаған болатын.