The Jerusalem Post газетінің хабарлауынша, Израильде мектеп оқушысының коронавирус жұқтырғаны расталды, - деп хабарлайды zakon.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап. Бұл Тель-Авивке жақын Ор Йехуда қаласында болған. Бала вирусты ойыншық дүкенінде жұқтырған. Коронавирус жұқтырған мұғалім оның алдында бұл дүкенге кіріп-шыққаны белгілі болды. Оқушының сыныптастары мен мұғалімдерінің барлығы карантинге оқшауланды. Дәрігерлер тағы екі ересек адамнан инфекция тапты. Бүгіндері Израильде коронавирустың 15 расталған жағдайы тіркелген. 2019 жылғы 31 желтоқсанда Қытай билігі Уханьда пневмонияның басталғанын хабарлады. Аурудың қоздырғышы - Covid-2019 ресми атауы берілген коронавирустың жаңа түрі.