Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мұғалімдерді аттестаттау өзгеретінін мәлімдеді.
«Педагогтерді аттестаттау процесі өзгереді. Аталған жүйені автоматтандыру үшін ұлттық платформа әзірленуде. Бұл – объективтілік пен ашықтықты айтарлықтай арттырады. 2024 жылдың қаңтарында платформа Шығыс, Батыс, Солтүстік және Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске қосылады», – деді министр.
Бейсембаев Президенттің тапсырмасы қалай орындалып жатқанын айтты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына әрдайым қолдау көрсетіп, оның дамуына серпін беретін нақты міндеттерді жүктеп отыр. Осы міндеттерді сапалы атқару мақсатында Оқу-ағарту министрлігі: балалардың білім беру қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті күшейту, білім беру инфрақұрылымын дамыту, қауіпсіз орта қалыптастыру бағыттарында жүйелі жұмыстар жүргізуде», – деді ол.
Фото: Halyq Uni