ШҚО-да мас күйде көлік жүргізген әкім жол апатына ұшырады

Сот шенеунікті әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

ШҚО-ның Алтай ауданына қарасты ауылдардың бірінде мас күйде көлік тізгіндеген әкім жол апатына ұшырады, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

YK-news жазуынша, сот шенеунікті әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

«1 қазанда Алтай ауданына қарасты ауылдық округтердің бірінің әкімі қызметтік Chevrolet Niva көлігінің рулінде келе жатып, тұрғын үй ауласында тұрған "ВАЗ 21099" көлігіне соғылды. Жол-көлік оқиғасы Алтай қаласында болды»,  делінген хабарламада.

Құқық бұзушы жол жүру ережесіне қатысты кінәсін мойындап, сараптамадан өтті. Анықталғандай, Алтай аудандық сотының материалдарына сәйкес, ол жол-көлік оқиғасы кезінде мас күйде болған. Медициналық тексеру жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас болғанын анықтады.

«Жаза ретінде сот құқық бұзушыны 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы үкім шығарды», делінген хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: bugin.kz