Бас прокуратура елордадағы мектептерді жаппай тексеруге кірісті. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады.
Білім ошақтарындағы қауіпсіздік талаптары қалай орындалатынын қарашаның соңына дейін бақылайды. Арнайы жұмысқа 70-тен астам құзырлы орган өкілі жұмылдырылған. Олар полиция, әлеуметтік қорғау инспекциясы, төтеншеліктер және білім беру ұйымдарының қызметкерлері. Қазір Астанада 98 мемлекеттік, 60-қа жуық жекеменшік мектеп бар, – деп жазады qazaqstan.tv.