Жандос Алпысбаев Моңғолия, Үндістан және Иран елінің боксшыларынан басым түсіп, медальге қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Барша қолдау білдірген атыраулық бокс жанкүйерлеріне, Дене шынықтыру және спорт басқармасына, бапкерлеріме және әрдайым қамқорлық пен қолдау білдіретін Атырау бокс федерациясының президенті Шухрат Абдурашидұлына алғыс білдіремін, – дейді Азия чемпионы Жандос Алпысбаев.
Айта кетсек, Жандос Алпысбаев – Атырау облысынан жасөспірімдер арасынан шыққан тұңғыш Азия чемпионы. 2021 жылы өткен кіші жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионы және үздік боксшы атанған. Чемпионды додаға дайындаған алғашқы бапкері – Мейрамғали Апсенов, жеке бапкері – Айбек Нысанбаев және жасөспірімдер арасындағы облыс аға жаттықтырушысы – Азамат Байдуллиев.
Қазіргі уақытта Жандос Алпысбаев Атырау бокс клубының және Атырау облыстық Олимпиадалық резервін дайындау орталығында жаттығады.