Қарағандыда өртенген үйден екі адамның денесі табылды

2 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде жалпы ауданы 80 шаршы метрде үйдің ағаш конструкциялары, үй заттары мен жиһаз өртенген.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қарашада сағат 06.52-де Луганская көшесінде өрт болған, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, өрт шыққан жерде 1953 жылы туған әйел адамның және 1980 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрт сағат  08.06-да сөндірілді.

Өрт мұржаның дұрыс жұмыс істемеуінен болған.