ТЖМ тұрғындарға ескерту жасады

Қатты аяз немесе қар жауған кезде жолда болсаңыз, бірнеше автомобильмен топтасып жүру керек.

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райы болжамымен танысуды және қыста алыс жолға шықпас бұрын SMS ескертулерді қадағалауды сұрады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әр көлікте төтенше жағдайда қажет заттар болуы ұсынылады:

  • дәнекерлеу шамы,
  • сымарқан,
  • доңғалақ тізбектері,
  • күрек,
  • парафинді шамдар,
  • сонымен қатар жылы киім, қажет заттар, азық-түлік пен су қоры.

"Қатты аяз немесе қар жауған кезде жолда болсаңыз, бірнеше автомобильмен топтасып жүру керек. Себебі бұзылған жағдайда бағандағы жүргізушілер көмекке келе алады", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.