Қазақстандықтардың 30 пайызы кедей – Ерлан Саиров

Елдегі ресми дерекке сүйенсек, Қазақстан халқының 5 пайызы кедей.

Мәжіліс  депутаты Ерлан Саиров «ADAL ADAM» youtube-арнасына берген сұхбатында еліміздегі кедейлік деңгейі туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Елдегі ресми дерекке сүйенсек, Қазақстан халқының 5 пайызы кедей. Биыл 1 млн 16 мың адам кедей санатында. Ал БҰҰ статистикасы бойынша қазақстандықтардың 30 пайызы кедей», — деді депутат. 

Сонымен қатар депутат кедей санатындағы азаматтарға көмек көрсету жолын да ұсынды. Айтуынша, аталған азаматтарға жәрдемақыдан бөлек кәсіптік дағдыны үйрету орынды. 

 «Кедей санатындағы азаматтарға жәрдемдесу үшін бюджеттен арнайы микронесие жобасына қаржы бөлеу қажет. Себебі, жәрдемақымен қатар кәсіптік дағдыны үйрету – мәселені шешуге септеседі. Бұл бойынша AMANAT партиясы  жұмыс істеуде. «Ауыл аманаты» деген бағдарлама бойынша ауылдағы шағын кәсіпке 8-10 млн теңгеге дейін несие беріледі. Оған қоса кәсіптік дағды бойынша оқыту жүргізілуде», – дейді депутат.