Ол 2 қарашадан бастап үйде болмаған, туыстары полицияға оның жоғалып кеткенін тек 4 қарашада хабарлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Полицейлер мен жоғалған жасөспірімнің туыстары түні бойы қаланы тексерді. Жоғалған қыз 12:00-ге қарай бір-ақ табылған.
Қазіргі уақытта қыздың өзімен және оның заңды өкілімен психологтар профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.
"Қыздың мінез-құлқы Семей әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралады", – деп жазды Polisia.kz
Еске салайық, бұған дейін Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы қызды іздестіріп жатқанын хабарлаған едік. Жасөспірім 2 қарашада сағат 08:30 шамасында колледжге оқуға кетіп, оралмаған еді.