Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың 2020 жылғы 2 наурыздағы өкіміммен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісімі бойынша Мәлгаждар Саттарұлы Тәткеев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Мәлгаждар Саттарұлы 1960 жылы бұрынғы Көкшетау облысында туған. Жоғары білімді. КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін бітірген, заңгер. Заң ғылымдарының кандидаты. 1983 жылдары құқық қорғау органдарында қызмет істеді. 2012-2013 жылдары Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының басшысы. 2013-2014 жылдары Зеренді ауданының әкімі, 2014 жылдың қыркүйегінен бастап, бүгінгі күнге дейін Целиноград ауданының әкімі қызметінде болды.