«Қазгидрометтің» мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Болжам бойынша жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін.
8-9 қарашада елдің оңтүстігінде, 9 қарашада оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі деген болжам бар.
Сондай-ақ солтүстік-батыс, солтүстік пен орталықта түнде 0-8°С-тан 0+5°С-қа дейін, шығыста -2-13°С-тан 0-8°С-қа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста -2+5°С-тан +3+10°С-қа дейін жылы болады.
Фото: life09.kz