Алматы облысында полицейдің мәйіті табылды

Алматы облыстық полициясы полицейдің өз-өзіне қол жұмсау дерегін тексеруге кірісті.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Балқаш аудандық полиция бөліміне аурухана фельдшерінен аудан орталығындағы пәтерден 31 жастағы полиция қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен. 

«Факті Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (Өзін-өзі өлімге итермелеу - ред.) бойынша тіркелді. Марқұмның отбасында жеке мәселесі болғанын ескертеміз. Ол да қылмыстық істі тергеу барысында тексеріледі», – делінген ресми хабарламада.

Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. 

Фото: yandex.kz