Алматы облысының полицейлері кәмелетке толмаған бүлдіршінге қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдіктіні қамауға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтың хабарлауынша, 1 қараша күні Жамбыл ауданының полициясына Ақсеңгір ауылының 44 жастағы жергілікті тұрғынынан биыл қазан айында белгісіз ер адамның қызына қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасағаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Аталған дерек ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда дереу тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 1974 жылғы К. есімді күдіктіні анықтап, ұстады. Соттың санкциясымен ұсталған адам сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде екі ай мерзімге қамауға алынды», – деді ол.
Қазіргі уақытта қылмысты тергеуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Фото: polisia.kz