Қарағанды облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза болды.

6 қараша күні Алматы-Екатеринбург тасжолында Volkswagen жеңіл автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза болды.

Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.

Фото: alataunews.kz