Дінмұхаммед Қонаевтың хатшысы Зинаида Жукова қайтыс болды, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Қонаев музейі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
«Д.А.Қонаев музей ұжымы Дінмұхаммед Ахметұлының 1964-1986 жылдар аралығында жеке хатшысы болған Жукова Зинаида Петровнаның (26.03.1924-04.11.2023) жүз жасқа таяған шағында 4 қараша күні дүниеден озғаны жайында қайғыра хабарлайды. Туыс-туғандарына қаймыға көңіл айтамыз», – делінген хабарламада.