Жоғары білімі бар халықтың үлесі 27,6 пайызға өсті

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысы аясында білім беру саласы бойынша жинақты ұсынды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстандағы жоғары білімі бар адам саны 27,6%-ға өскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Аталған дерек жақында ғана stat.gov.kz сайтының «Ұлттық санақтар» – «Санақ 2021» бөлімінде орналастырылған. Жинақта білім беру деңгейі бойынша аймақ, жыныс және жас бөлінісіндегі деректер көрсетілген, сондай-ақ онда соңғы екі санақ арасындағы динамикалық өзгерістерді де бақылауға болады.

Жүргізілген санақ нәтижесіне сәйкес, 2021 жылғы санақ кезінде 3,7 млн адамның жоғары білімі, 4,1 млн адамның арнайы орта білімі, 4,9 млн адамның орта білімі болған. Сонымен қатар мұндағы ең маңызды мәселе  2009 жылғы санақпен салыстырғанда, жоғары білімі бар халықтың үлесі 19,8%-дан 2021 жылы 27,6%-ға дейін өскен.

Өңірлердің ішінде жоғары білімі бар халықтың ең көп саны Алматы облысына тиесілі. Себебі мұндағы жоғары білімі бар адам саны 404,8 мыңға жетті. Әрбір өңірдегі жоғары білімі бар халықтың үлесі бойынша Астана қаласы көш бастап тұр. Өйткені елорда халқының 25,5% ЖОО бітірген.

Ал жоғары білімі бар ерлер мен әйелдердің үлесі бірдей. 2009 жылғы санақпен салыстырғанда дипломы бар ерлердің үлесі 17,8%-дан 27,9%-ға дейін, әйелдердің үлесі 21,6%-дан 27,3%-ға дейін өскен.

Жалпы алғанда, 1 000 адамның 276-сында университет дипломы бар. Бұл – айтарлықтай жақсы көрсеткіш. Мәселен, ал 2009 жылғы санақ бойынша  198 адамда ЖОО дипломы бар екен.

 

Фото: egemen.kz