Қызын енесіне қарауға тастап кеткен әйел сұмдық жайтқа тап болған

Хат иесінің сөзінше, 3 жасар қызға бұлай істеген – 9-сынып оқушысы.

 Human Rights Lawyers  басшысы, заңгер Ләззат Рақышеваның оқырмандарының бірі оған сұмдық жайт туралы хат жазып, бүкіл ананы сақтандырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Үш күн бұрын ғана болған оқиға. Ешкімге сенбесін аналар, қыздарын тастамасын. Құрбым 3 жасар қызын ата-енесінің үйіне тастап, жұмысқа кетеді. Кешке келгенде алып кетеді. Сол күні кешке қызы "ағам былай істеді" деп өзінен үлкен 5 жасар әпшесінің артына тұрып, бұтын шешіп көрсетіпті. "Бұтымды былай шешті" деп бәрін айтып берген. Күйеуіне айтып: "ініңді көрдің бе не істегенін, қазір барып жанын шығарамыз, жүр" десе, күйеуі: "қоя берші, ештеңе істемепті, сау екен ғой қызымыз, әкеміз білсе, оны өлтіреді сосын" деп бармай қойыпты. Жылап еңіреп отыр енді. "Әлі ұмытпаған, айта береді қайта-қайта" дейді", – деп жазған заңгердің оқырманы.

Хат иесінің сөзінше, 3 жасар қызға бұлай істеген – 9-сынып оқушысы.

"Қызына істеген – ол өзінің ағасы, әкесінің туған інісі, 9-сыныпта оқиды. Бір ай бұрын көршілермен ұрысқан екен сол баласы үшін құрбымның ата-енесі. Көршілерінің 5 жасар ұл баласына да солай істеп, оның мамасы келіп, айқай шығарған екен. Сөйтсе, енесі өздеріне жауыпты, "түнде өздеріңді көрген не істегендеріңді, телефоннан көрген, сосын өтірік айтады балаң" деп. 5 жасар баланың өзіне жауып, өздеріне ұрысып беріпті. Қорқатын заман болды, мен қазір қыздарымды көшеге де шығармаймын", – деп жазған хат иесі.

Фото: unicef.org