«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшысы тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Уақасұлы Ыбыраев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Ержан Ыбыраев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Уақасұлы Ыбыраев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.