Сингапурда ғажап қонақүй салынды

Әлемдік архитектурада жаңа тренд байқалады. Нью-Йорктегі жасыл желекпен көмкерілген зәулім ғимараттан кейін Азияда да осындай архитектуралық шешім қолданылған сияқты. Бұл қонақүйде жасыл желекке толы тік террассалар бар.

Pan Pacific Orchard деп аталатын қонақүй ғимараты төрт үлкен ашық террассадан тұрады. Олардың әрқайсысы шағын орманға ұқсайды. New Atlas сайтында жарияланған хабарламаға қарағанда қонақүй тұрғындары жергілікті жердің әсемдігін өз бөлмелерінен шықпай-ақ тамашалай алатынға ұқсайды. Осы материалға сүйенген Aikyn.kz архитекторлар таңдаған жобаның себебін түсіндіреді.

35 қабатты Pan Pacific Orchard отелі. Фото Darren Soh сайтынан алынды

Сингапурды бау-бақшалы қала деп атайды. Оның себебі қаланың саябақтары мен жасыл өсімдіктермен өрілген ғимараттардың көптігімен түсіндіріледі. Оның ішінде әсерлі Eden мен CapitaSpring бар. Жақында қала-мемлекеттің (Сингапур шағын мемлекет) архитектурасы Pan Pacific Orchard атты жаңа әдемі ландшафтпен толықты. Ғимараттың атауы Тынық мұхит аймағының бағы деген мағына береді. 

35 қабатты Pan Pacific Orchard отелі. Фото Darren Soh сайтынан алынды

Ғимараттың сыртқы бейнесі «S» әрпіне ұқсайды, қаланың атауын Singapore еске салады.  Аспалы бақ түрінде салынған қонақүй ғимараты қарапайым тіктөртбұрыш тәрізді, 35 қабаттан және 347 бөлмеден тұрады.

Оның қасбеті төрт үлкен ашық террассаларға бөлінген, олардың әрқайсысы өсімдіктер мен ағаштармен толтырылған және өз атауы мен тақырыбы бар.

Орман террасасы жер деңгейінде орналасқан және орман ағаштарымен қоршалған каскадты суды пайдаланады. Жағажай террасасы жоғарғы қабатта орналасқан және мүйісі, құмды жағажайы мен пальма тоғайлары бар тропикалық оазис түрінде жасалған. 

35 қабатты Pan Pacific Orchard отелі. Фото Darren Soh сайтынан алынды

Одан да жоғарыда, Бақша террасасында қонақүйдің бары мен демалыс бөлмесі, сондай-ақ шағылыстыратын бассейндері мен гүлзарлармен көмкерілген керемет бақша бар. Ең жоғарғы бұлтты террассада 400 орындық бал залымен, конференц-залмен, беті төбедегі айнамен шағылысқан бассейндер мен қоршалған гүлді өсімдіктермен бедерленген ландшафты іс-шаралар алаңы түрінде салынған.

35 қабатты Pan Pacific Orchard отелі. Фото Darren Soh сайтынан алынды

Pan Pacific Orchard 35 қабаттан және 347 қонақүй бөлмесінен тұрады. Барлық 4 террасса қонақүйдің ішкі бөлігімен тығыз байланысты, бұл күндізгі жарықты, табиғи желдету тәсілін қолдануға мүмкіндік береді және тропикалық климаттың қаталдығын жеңілдетуге көмектеседі. Қонақүй нөмірлері де террассалардың сипатын көрсететін әртүрлі дизайнмен жасалған. 

«Pan Pacific Orchard әдетте жабық ғимаратта өтетін мерекелерді көрсету арқылы қаланың жандануына үлес қосады», – дейді жобалаушы компания WOHA.

Бұл Сингапурдың экваторлық климаты үшін арнайы әзірленген ашық, көлденең желдетілетін, бірақ қорғалған кеңістіктер арқылы мүмкін болды. Ашық террасада ықтасын болғандықтан жел соқпайды және жауын-шашын кезінде де ашық ауада мерекелік іс-шараларды өткізуге ыңғайлы.

20 қабатты Eden тұрғын үй кешені. Фото Hufton + Crow сайтынан алынды

20 қабатты Eden тұрғын үй кешені. Фото Hufton + Crow сайтынан алынды

«Дизайн толық интеграцияланған тәсілді қолдана отырып, қалалық дизайнмен, архитектурамен, ландшафт дизайнымен және интерьер дизайнымен үздіксіз үйлеседі. Әр шатырдың террассалары арасындағы алты қабатта орналасқан бөлмелер мен ыңғайлы 347 қонақүй номерлері бар. Олардың интерьері әр террассаның тақырыбы мен әрқайсысы табиғат тұжырымдамасына сәйкес келеді.

51 қабатты CapitaSpring ғимараты. Фото CapitaSpring сайтынан алынды 

51 қабатты CapitaSpring ғимараты. Фото CapitaSpring сайтынан алынды 

Тоғыспалы желдету мен табиғи салқындатудан басқа, Pan Pacific Orchard ғимаратында электр энергиясын тұтынуын азайтуға көмектесетін фотоэлектрлік шатырмен қапталған.

Нью-Йоркте салынған «Шиыршық» атты зәулім үйдің құрылысында қолданылған архитектуралық шешім туралы Aikyn.kz жазған болатын. 66 қабаттан тұратын ғимараттың бойымен шиырланып өскен ағаштар мен өсімдіктер, жасыл желекпен көмкерілген белдеудің орналасуы ерекше әсер беретінін айтылған еді. 

Әлемдегі қымбат қалалардың қатарындағы Сингапурде бұл ғимараттағы пәтерлер де аспандап кеткен. Мысалы, жұмақ бағы Eden тұрғын үй кешені 2021 жылы 220 млн долларға сатылған. Тұрғын үй кешенінде 20 апартамент қана бар екенін ескерсек, онда әрбір апартамент қанша тұратынын бағалауға болады.