Тұман, жел, жауын-шашын: 8 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша тұман түседі.

"Қазгидромет" 8 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен күн ашық болады, жауын-шашын жаумайды. 

Еліміздің батысында және оңтүстігінде циклон мен атмосфералық фронттарға байланысты жаңбыр жауады. 

Республиканың солтүстік-батысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауып, жел күшейеді.

Қазақстан бойынша тұман түседі, еліміздің оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.

 

Фото: alataunews.kz