Ақордада Владимир Путинді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.