4-5 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында Пара дзюдодан ерлер және әйелдер арасында ел чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен халықаралық сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады. Соның ішінде 2018 жылғы Әлем чемпионы Олжас Оразалыұлы, Бүкіләлемдік ойындардың және Әлем кубоктарының жүлдегері Ануар Сариев, 2019 жылғы Азия чемпионы Дәулет Теміржан және 2018 жылғы Джакартада өткен Азиа пара ойындарының қола жүлдегері Азамат Тұрымбетов бар. Пара дзюдодан өтетін Қазақстан чемпионаты Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында өтеді. 4 ақпан күні 60 кг, 66 кг, 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерлер сынға түседі. Әйелдер болса -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг, -70 кг, +70 келі салмақта бақ сынайды. Жарыстың ашылу салтанаты 13.00-де басталып, ары қарай марапаттау рәсіміне ұласады. Чемпионаттың келесі күні қалған салмақ дәрежесінде жүлдегер анықталады. -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 келіде ерлердің, 63 кг, -70 кг, +70 келіде әйелдер арасында шешуші кездесу өтеді. Айбике ЖАНАСЫЛ