Екібастұз қаласында автобус ұл баланы қағып кетті. Қазір полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 қараша күні сағат 08:00 шамасында Higer маркалы автобус жүргізушісі Абай – Шахтер көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
– Жеткіншек реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды, – делінген департаменттің хабарламасында.
Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды.