Қазақстанда бизнесті тексеру екі есеге азаяды – Ұлттық экономика министрі

"Таза парақтан реттеу" қағидаты сәтті енгізіліп жатыр. 10 мыңнан аса өзекті емес талаптар анықталды, оның 9 мыңы заңға тәуелді деңгейде алып тасталды.

Қазақстанда бизнесті жоспарлы тексеру екі есе азаяды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сенаттағы үкімет сағатында осылай деп мәлімдеді, –деп жазды Aikyn.kz. 

Қуантыровтың айтуынша бұл келесі жылдан бастап жүзеге асады. Министр мәліметінше, кейінгі 5 жылда ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнес үлесінің тұрақты өсуі байқалады. 

"2019-2023 жылдар аралығында қазақстандық шағын және орта кәсіпкерліктің экономикаға қатысу үлесі 31,7 пайыздан 36,4 пайызға дейін, яғни 4,7 пайыздық тармаққа өсті. 2023 жылы жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 23,8 пайызға өсіп, 4,2 млн адамға жетті", – деді Қуантыров. 

Министр атап өткендей, биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы саны 2,2 миллион. Оның 99,9 пайызы шағын кәсіпкерлік, қалған 0,1 пайызы орта кәсіпкерлік субъектісі.

Ол бизнесті жоспарлы тексеру 2 есе және айыппұлдар саны бірнеше есе азаятынын атап өтті.

"Таза парақтан реттеу" қағидаты сәтті енгізіліп жатыр. 10 мыңнан аса өзекті емес талаптар анықталды, оның 9 мыңы заңға тәуелді деңгейде алып тасталды, ал қалғандары Парламенттегi заң жобасы аясында жыл соңына дейін алып тастауға жатады. Сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) автоматтандырылады, ол 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап адамның қатысуынсыз тексерулерді тағайындауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бизнесті жоспарлы тексеру 2 есе және айыппұлдар саны бірнеше есе азаяды, – деді Қуантыров.