Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаннан кейінгі суреті тарап жатыр

Суретте экс-шенеунікті полиция қызметкерлері қоршап алған.

Әлеуметтік желіде бұрынғы ұлттық экономика министрі, кеше ғана әйелінің өліміне күдікті ретінде ұсталған Қуандық Бишімбаевтың фотосы тарап жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Суретте экс-шенеунікті полиция қызметкерлері қоршап алған.

Желі қолданушылары суреттің Астанада 9 қараша күні түсірілгенін жазған. Сурет Бишімбаевты ұстау кезінде түсірілгені айтылды.