Транспорт әлеуетін ұлғайту маңызды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың төрағалығымен Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Қауіпсіздік Кеңесінің оты­рысы өтті. Жиында еліміздің көлік-логистика әлеуетін жүзеге асыру барысында кездесетін стра­тегиялық сын-қатерлер қарасты­рылды.

Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары теміржол, автомобиль, теңіз, әуе көліктері, сондай-ақ құбыр арқылы тасымалдау бағыттарында жиі ұшырасатын проблемаларды шешу үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Мемлекет басшысы транзиттік жүк тасымалын, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы та­сымалдау ісін дамытудың өзектілігіне назар аударды. Сондай-ақ отандық өнімдерді экспорттау үшін транспорт әлеуетін ұлғайту маңызды екенін атап өтті. Ол үшін инфра­құрылымдық шектеулер мен басқа да ке­дергілерді жойып, көлік-логистика қыз­метінің сапасын арттыру және тариф қалыптастыру жүйесін жетілдіру қажет.

Жиын барысында өнеркәсіп, экспорт және транзит әлеуетін қатар дамыту, инфрақұрылым құрылысының заманауи стандарттарын енгізу және көлік-логистика саласының экономикаға мультипликативті әсерін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша мән берілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Прези­дент Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.