Осылайша, Air Astana әуекомпаниясы жолаушылар ағынының артуына байланысты бірнеше бағыт бойынша рейстер санын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Алматы – Пекин бағытында аптасына 6 рейстен 7 рейске дейін; Астана – Пекин бағыты бойынша аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін; Алматы –Үрімші бағытында аптасына 2 рейстен 7 рейске дейін ұлғайтылады.
Сонымен бірге келесі жылы Air Astana әуекомпаниясы Шанхай, Гуанчжоу және Чэнду қалаларына жаңа бағыттар ашуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа қытайлық Air Logistics жүк әуекомпаниясы қараша айынан бастап Алматы – Сиань бағыты бойынша жүк тасымалына арналған тұрақты рейстерді іске қосуды көздеп отыр.
Осы ретте бүгінде Қазақстан мен Қытай арасында аптасына 27 рейс орындалатынын айта кеткен орынды. Оның ішінде «Алматы – Бейжің» бағытында (Air Astana) – аптасына 6 рейс; «Астана – Бейжің» (Air Astana) – 1 рейс; «Астана – Үрімші» (Fly Arystan) – 2 рейс, China Southern Airlines – 2 рейс; «Алматы –Үрімші» (Air Astana) – 2 рейс, China Southern Airlines – 7 рейс; «Алматы –Сиань» (China Southern Airlines) – 2 рейс; «Астана –Сиань – Пекин» (Air China) – 2 рейс; «Алматы – Ханчжоу» (Loong Airlines) – 3 рейс.
Жалпы, Қазақстан мен Қытайдың авиациялық билік өкілдерінің арасындағы келісімге сәйкес екі елдің әуекомпанияларына аптасына 84 рейс орындауға рұқсат етілген.