«Аңсаған сәби» жобасы жалғасады

«Аңсаған сәби» бағдарламасы 2030 жылға дейін жалғасады. Бұл туралы Алматыда өткен Қазақстан репродуктологиялық медицина қауымдастығының халықаралық конгресінде айтылды.

Мамандардың дерегінше, елімізде әр алтыншы отбасы бедеуліктен зардап шегеді. Қазір экстракор­поральды ұрықтандыру (ЭКО) тәсіліне жүгінетіндер көп.

2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырма­сымен республикамызда «Аңсаған сәби» бағдарламасы қабылданған болатын. Үш жылдың ішінде 10 мыңнан аса бала дүниеге келді. Енді игілігі мол жоба тағы 7 жылға созылса, 49 мың ата-ананың сәбилі болуы ық­тимал.

«Ер адамдар арасында тіркелген бедеулік көрсет­кіші шамамен 30-35%-ды құрайды. Әйел адамдарда да солай, 30-35% бедеулік кездеседі. Әйел адамның да, ер адамның да бедеулігі бір жұпта кездесіп жатады», – дейді жекеменшік клиниканың директоры Марат Отарбаев.