Степногорда хабар-ошарсыз кеткен қыз Астанадағы мединалық мекемеден табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Степногор қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғын жұбайы 22 жастағы Елена Моисееваны іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш түсірген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында жоғалған адамның елорданың медициналық мекемелерінің бірінде екені анықталды.
Қызға қатысты ешқандай қылмыс пен құқықбұзушылық жасалған жоқ. Тексеру жүргізіліп жатыр.
Фото: polisia.kz