Абай облысында 18 жастағы жігіт жасөспірім қызды басып кетті

Қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Биылғы жылдың 4 қарашасында Бесқарағай ауданында Семей – Долон – Қоянбай тасжолының 162/22 шақырымында жол-көлік оқиғасы болып, 18 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, 15 жастағы жасөспірімді қағып кеткен,-  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Сол күні Бесқарай аудандық ІІБ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігімен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - деп жазды Абай ауданы ПБ баспасөз қызметі.

Жәбірленушінің туыстары көлікті 18 жастағы жүргізуші әкесінен ұрлап кеткенін алға тартады.

"Жүргізуші - 18 жастағы жасөспірім әкесінің көлігін ұрлап кеткен. Сағат 19:00-де күн қараңғы болды. 4 бала бар еді, бірақ менікі шетте еді. Оны жылдамдықпен қағып кеткен. Соққыдан қызымыз көліктің үстінен ұшып кетті. Қазір бірінші ота жасалды, жағдайы ауыр. Әкесі кілтті бермегенін айтады, ал бұл бала рұқсатсыз рульге отырған екен. Мен бұл жігітті қамауға алу үшін арыз жаздым», - дейді видеода жәбірленушінің туыстары.

Полицейлер аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

 

 

 

Яндекс Ойындар

ЖАРНАМА

16+

Шахматты тегін ойнаңыз

Бұған дейін Жетісу өңірінде егде жастағы жүргізуші адам өліміне әкелген жол апатына себепкер болғаны хабарланған болатын.