Осы жылдың соңына дейін екі үлкен астероид Жердің жанынан өтеді

25 қарашада өтетін астероидтың магнитудасы – 18.07, шоқжұлдыз – мүсінші болмақ.

Мамандар жыл соңына дейін Айға қарағанда 5 жақын қашықтықтан Жер үстінен астероидтар өтетінін мәлімдеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Starwalk.space порталы  астрономдардың айтуынша, CZ2 деп аталатын астероид бірінші болып 25 қарашада планетаның жанынан өтеді. Ал екінші астероид планетамызға 23 желтоқсанда жақындайды.

25 қарашада өтетін астероидтың магнитудасы – 18.07, шоқжұлдыз – мүсінші болмақ. Болжам бойынша, ең жақын көрінетін кез Мәскеу уақытымен 22:49 (GMT 19:49) көрсетеді. Жақындау сәтіндегі Жерге дейінгі қашықтық – 2,78834 LD болады деп күтілуде.

Ал 23 желтоқсанда өтетін астероид 2020 YO3-тің магнитудасы – 17.26, шоқжұлдыз – микроскоп болмақ. Ең жақын   көрінетін кез Мәскеу уақытымен сағат 23.48 (GMT 20:28), жақындау сәтіндегі Жерге дейінгі қашықтық: 3,54751 LD деп болжанды.

Мамандар екі апта сайын Жерге шағын астероидтардың (диаметрі 1 метрден аз) құлайтынын атап өтті. Бұл апаттық болмаса да, табиғатқа зиян тудыруы мүмкін. Себебі тонна шаң мен күл ауаға көтеріліп, бірнеше жыл бойы Күнді жауып тұрады. NASA мәліметтері бойынша, диаметрі 100 метрден асатын астероидтар Жермен 10 мың жылда бір рет соқтығысады. Бүкіл планетадағы өмірге қауіп төндіретін диаметрі бір шақырымнан асатын астероидтар бірнеше миллион жылда ғана соқтығысуы мүмкін.