Жолды кесіп өтпек болған: Алматыда ер адам көз жұмды

Куәгерлердің айтуынша, жігіт жолды жерүсті өткеліне жетпей, дұрыс емес жерден кесіп өткен.

12 қараша күні таңертең Алматыдағы Саин көшесінде 28 жастағы жігіт жол апатының құрбаны болды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол Жандосов көшесінің қиылысында тоннельдің жанындағы көшені кесіп өтпек болған.

Zakon.kz-тің жазуынша, таңғы сағат 5 шамасында Chevrolet Nexia көлігі Саин көшесімен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан. Жүргізуші Жандосов көшесінің қиылысындағы тоннельден енді ғана шыққанда, алдынан күтпеген жерден жас жігіт шыға келген.

Жүргізуші соқпайын деп тырысқанымен, бірақ бетон қоршау оған мүмкіндік бермеді және ол жігітті қағып кетті. Қатты соққыдан ол бірнеше метрге ұшып кеткен және алған жарақаттарынан дәрігерлер келгенге дейін сол жерде қайтыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, жігіт жолды жерүсті өткеліне жетпей, дұрыс емес жерден кесіп өткен.